Қайда асығып барасың, қазағым-ау
Бұл бетте «Қайда асығып барасың, қазағым-ау» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қайда асығып барасың, қазағым-ау,
Артта қалды баяғы таза бұғау.
Ауыл жүдеп барады, ауыл құрып,
Бұл не қылған жазықсыз жаза мынау?
Жүз үй еді ауылым Еңбек атты,
Көз алдымда жазира шөлге тартты.
Жастар түгіл, кетіпті кәрілер де,
Қала оларды қол сілтеп өрге тартты.
Жұмыссыздық – ең үлкен себепкері,
Есі дұрыс бір басшы керек те еді.
Әттең, шіркін, жөн білер інілерім
Ел шетінде ат басын тежетпеді.
Бала жетпей мектеп те жабылмақшы,
Жердің пайы азайып қалынбақшы.
Бұрын өзім жаңартсам ауылымды,
Енді болдым әкімге жалынбақшы.
Елді аздырмас бір себеп табады-ау деп,
Жалынамын, түсінбе шала дау деп.
Ата-баба зиратын ойлай берем
Ертең ғана иесіз қалады-ау деп.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі