Абайла, жүрек, абайла
Бұл бетте «Абайла, жүрек, абайла» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Абайла, жүрек, абайла,
Асықсаң қапы қаларсың.
Жоқ болып тірек маңайда,
Өкініп естен танарсың.
Адам аз бүгін сенісер,
Алаңдап қалма сөзіне.
Қулықпен пікір бөлісер,
Дос еткенсіп өзіне.
Дауылпаз көңіл көк дөнен,
Олай да былай шапқылар.
Көк атты келіп көлденең,
Шикілеу досты жат қылар.
Берілмес қызба жеңілге,
Үміт пен үлкен тосты арман.
Ендігі қалған өмірде
Айырма адал достардан.
02.08.2010
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі