Прометейге

Бұл бетте «Прометейге» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

О, адамзат! Прометей де тәңірің,
Тіршілікке от тарату – бай ырым.
Темір бұғау қыспағында жасады
Адамдарға қолдан келген қайырым.
Қайырымдылық көбейтуге легін,
Жыр маздатып жалынды өмір сүремін.
Әперуге Прометейдің ұшқынын,
Тарыққанды іздеп қана жүремін.
Оттыларды ардақтаса шартарап,
Қанша жүкті кетті олар арқалап?!
Күл-талқандап құлдық құрсау түнегін,
Кен қазғаным – ол да от іздеп жүргенім.
Ел мұқтажы – көздегенім, білгенім,
Прометейдің көбейтуге легін.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері