Барады өмір өтіп
Бұл бетте «Барады өмір өтіп» атты Кәкімбек Салықов жазған өмір туралы өлең берілген.
Қартайдым, жұмысым көп, асығыспын,
Бітпей тұр ұзақ көші татымды істің.
Қыз-шабыт қызықтырып, жетелейді
Соңынан өлең деген асыл құстың.
Бұлтартпас алдымдағы ісім қалың,
Сыртым сау, маза бермес ішім жалын.
Жүрегім мұңға толған бала жастан,
Білсем де артымда өшпес ізім барын.
Айқасқа бодан күнде кіргенімде,
Шайқаста Арал үшін жүргенімде,
Сезуші ем кей «пысықтың» қара ниет
Мінезін түлкі жортақ күлгенінде.
Өтірік қол бергендер алақайлап,
Жүріпті іште тосын дара сайлап.
Әкетті тәуелсіздік алған елдер
Әму мен Сырдың суын талапайлап.
Алғанда ескі дертті тереңдетіп,
Ауылым да қойды қатты елеңдетіп.
Барады Арал құрып, ауылым тозып,
Міз бақпай мен жүргенде өлеңдетіп.
Барады, ей, адамдар, өмір өтіп.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі