"Тек сен ана"
Бұл бетте «"Тек сен ана"» атты Aishagul Meshtay жазған ана туралы өлең берілген.
Тек сен ана, тіршілікке мән беретін, тік ұстап,
Тек сенімен оралады үйге бақыт, ырыс, бақ!
Тіл шықпаған, жан ұқпаған сәттерімде сен болдың,
Сенің орның пеш жаны емес, сенің орның алтын тақ!
Тек сен ана жабырқаған жанды ұғатын, жарығым,
Қирап жатқан дүниені, жандандырып барлығын.
Мен тыныстап келе жатқан тіршіліктің мәні жоқ,
Сен жоқ жерлер боранды күн, тіпті кейде қарлы түн.
Тек сен ана қамқоршысың ашу, ыза, кектенде,
Жара салған ұлдарыңа бұл өмірге кектенбе!
Бар махаббат, жүрегіңде өле-өлгенше өшпейтін,
Адамда жоқ алалайтын, тек өзіңде, тек сенде!
Тек сен ана үлкен істі атқаруға қауқарлы,
Байқай алған, терең жатқан су түбінде, жауһарды.
Жасандылық бойында жоқ, қаламайтын мақтауды,
Бал-балалық, сен бар кездер жүрегімде сақтаулы!
Тек сен ана, өзгелерден биік тұрған мен үшін!
Мен ғажапты жасай алсам, оның бәрі сен үшін!
Нәзік тәнде үлкен күш бар, сағы мүлде сынбаған,
Сағы десем сағынышы басым дер ем, ойлана..
Тек сен-ана, сүйе алатын жан-жарыңды тым қатты,
Тек сен ғана көтеретін тағдыр берген сынақты.
Ажарыңа түскен әжім сол жанарды жоймапты,
Үкілеген үмітіне мейір тұнған тым тәтті.
Сен өмірдің қызығынан көл жағалап кетпедің,
Сол деп білем, дәл бүгінге аман-есен жеткенім.
Шыныңды айтшы, сын сәттерде неге тастап кетпедің?
Өзегіңнен шыққан жанды қалай сыртқа теппедің?
Ең жаман хәл, ең азапты күндер орын алғанда,
Қалдырмаған, жанда болған бір өзіңсің, тек сенсің!
Мына 5 күн жалған үшін ең ардақты адамсың,
Бәлкім содан, бақыт үшін бір өзіңнің жетпеуің?!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі