"Ахметке арнау"

Бұл бетте «"Ахметке арнау"» атты Aishagul Meshtay жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қыркүйектің бесінші жұлдызында,
Келді бір ұл Байтұрсын отбасына.
Азан шақырып ат қойып Шошақ ата,
Берді Тәңір текті ұл өз ұлтына!

Азулысы Алты Алаш ардақтысы,
Қайраткері қоғамның, ағартушы.
Қазақ деген ұлттың ТІЛ білімі үшін,
Өтті толы күреске еңбек жолы!

20шы ғасырдың бас кезінде,
Қалап берді тілінің іргетасын.
Діңгек болса ана тіл, ол өзегі,
Қалай бала танымас өз анасын?!

Араб тілін негізге ала отырып,
Латын тілге көрсетіп қарсылықты
12де 900 жаза отырып,
"Оқу құралы" еңбегін басып шықты.

13інде 19 жылдарының,
Арқау еткен қазақтың бас ақынын,
Бұл көлемді мақала, әрі зерттеу,
Абай жайлы, ауқымды жазатұғын.

Жолға түсу саяси қызметтің,
1905ші жылдар етін.
Жәрмеңкеде Қоянды аталатын,
Үнін ұқты халықтың, арыз-тілегін.

Петицияда жай емес Қарқаралы,
Жиналған жұрт сенімін арқалады.
Қалап дінге еркіндік, ар-ожданға,
Ұлан байтақ даланы сақтағанды.

"Қазақ газеті" санында өз халқына,
Бағыт-бағдар беруде тоқтамады.
Алашорда деп жүріп азаматтар,
Намыс тұнған кеудесін оққа малды!

Тәнің сыздап, еске сап көп жараны,
Аяғыңды сыздатқан түрме азабын.
Сол сатқындар ұмытып өз панаңды,
Бірақ әлі ашиды ұлтқа жаның..

Сан мың мәрте түрмеге тоғытқанмен,
Қара бетті даралап, ақтамадың!
Ізгі ниет іс жүзінде орындалды,
Өзгелердей іште сұм сақтамадың!

Қудалап та қуғындап қорласа да,
Қолға алғанды баз кешіп тастамадың!
Бүгін тілде қазақтың сөйлеп тұрып,
Үлкен қате өзіңді еске алмауым!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар