“Махаббат”
Бұл бетте «“Махаббат”» атты Aishagul Meshtay жазған махаббат туралы өлең берілген.
Адасу оңай, айығу қиын,
Мың есе ауыр дерттерден.
Нағыз махаббат тұрады екен,
Шынайы уәде, серттерден.
Махаббат деген құштарлық үні,
Қызғыштай қорғау қауіптен.
Махаббат деген қамқорлық гүлі,
Тоңдырып алма күдікпен!
Жабырқағанда, жұбата білу,
Жанында болу, бақытты!
Кішкентай жеңіске қуана білу,
Қуанта білу, маңызды!
Махаббат деген ғажап ғаламат,
Жаратылысқа берілген.
Жүрегі менен сана бар жанға,
Сүю нығмет боп көрінер!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі