"Желтоқсан жаңғырығы”
Бұл бетте «"Желтоқсан жаңғырығы”» атты Aishagul Meshtay жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Желтоқсанның сол түні ұзақ болды,
Елім деген әр жанға тұзақ құрды.
Қазақ болсын деп айтқан көпшілікке,
Жауап бермей, билікке құлақ түрді.
Жанарлары үрейге толған еді,
Қалаулары азаттық болған еді.
Жанын қарған аязға қарамастан,
Берілместен, өлімге тура келді.
Аямады, жандарын жаралады,
Қыз демеді, балғын жас қарамады.
Ұлтшыл деді жаламен, қаралады,
Қатыгездік, жауыздық санамады.
Не көрмеді, не болмады желтоқсанда,
Иттер, күрек, сойылдар қарсыласта.
Өктем билік жаншыды, қиянатпен,
Арпалысқа толы күн қарбаласқа!
Осы күнге ал біздер лайықпыз ба?!
Айналғандай жандармыз рақымсызға.
Олар лайық дәл осы бейбіт күнге,
Себебі көп, айтайын қайсы бірін,
Елін жерін бермеді лайықсызға
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі