Еркіндік деп ерте кеткен боздақтар,
Салқын самал еседі әлі сол жақтан,
Рухың қандай қастерлі еді,халықты
Оята алған, қарлы аязда от жаққан!
Бүгінгі ұрпақ есеңгіреп әлі жүр,
Есін жимай, есейе алмай салмақтан.
Ол тек қана Колбин қуған күн емес,
Алғашқы күн, ерлік туын орнатқан.
Қаралы күн, қара хатты алмай-ақ
Бақыт қонған бар отауды зарлатқан!
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі