“Ана сен сезбейтінсің”

Бұл бетте «“Ана сен сезбейтінсің”» атты Aishagul Meshtay жазған ана туралы өлең берілген.

Мені әркім жамандаса сенбейтінсің,
Ақылға, тек білімге ер дейтінсің
Тек қана шартпен сүйген бұл әлемде,
Сен менен түк те талап етпейтінсің.

Әр күнде тек күлімдеп қарсы алатын
Білмедім бар екенін нендей күшің
Сағынып, көрпе тыстап қамыққанда,
Сағынсаң, қызым үйге кел дейтінсің

Дүниеде жала бар, жаулық та бар,
Сен тіпті жамандықты білмейтінсің
“Айтсаң ұғар” деп маған жүруші едің
Жұрттың бәрі күн бе екен, сен деймісің

Мені ешкім сендей жақсы көре алмайды,
Содан болар тастаймын, сенбеймісің
Уайымнан бір параңмен бөліс дедім,
Сен бірақ бермейтінсің,
бермейтінсің!

Мұңданып, өмірге көп шамданғанда,
Сені ойлап, қынжылады, өртейді ішім
Жақтаған бәрі жақсы бола бермес
Сен бірақ білмейтінсің, көрмейтінсің

Мен сені тас қапасқа көп шақырдым
Сен бірақ ермейтінсің келмейтінсің.
Тым алыс кетіп жаннан жабырқатып
Күресте жалғыз өзің жең деймісің?!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар