Сырымды жанға айтпаған айтады өлең

Бұл бетте «Сырымды жанға айтпаған айтады өлең» атты Кәкімбек Салықов жазған поэзия туралы өлең берілген.

Сырымды жанға айтпаған айтады өлең,
Тағдырдың қызық сырын байқа менен.
Шабыттың өлең сүйгіш шарты да сол,
Барлығын тудырған жоқ «қалқа» деген.
Елсіз жыр биіктей ме?
Қайда терең?
Өзім деп өмір сырын айта берем.
Егер мен мызғып кетсем жазатайым,
Бір өлең оқу үшін қайта келем.
Жетемін сол қызумен Кеңгіріме,
Қанығам сайын дала кеңдігіне.
О, тағдыр!
Жезкиікті бір көрсетші,
Сүйсініп менің осынау ерлігіме.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері