Элегия
Бұл бетте «Элегия» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Балалық қалды ауылда аңсар бір үн,
Оралып енді бәрін байқау қиын.
Қиядан сағындырып, елестейді
Мағынасыз, мұңсыз, бейқам, аңқау күнім.
Малшынса жүрек уға көптен бері,
Тым ерте қызық еді-ау өртенгені.
Әлі де кей бір күнде қараңдайды,
Келердей жолаушылап көп сенгені.
Көбейіп көріктенсе өткен белгі,
Япырмай, сонша сұлу,
Көркем бе еді?
Дегені бала ғашық қызық екен,
Ай да сол, жұлдыз да сол өлкемдегі.
Тірі жан шырайына теңеспейді,
Ел жақтан хабар айтар жел еспейді.
Бәрі де күміс сағым көрген түстей,
Қыз-қиял жас киіктей елестейді.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі