Сен өзгеден кербездеусің, сылқымсың

Бұл бетте «Сен өзгеден кербездеусің, сылқымсың» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Сен өзгеден кербездеусің, сылқымсың,
Серпілсеңші, жүрегің бір бұлқынсын.
Сылап-сипап таба алмасам бабыңды,
Сезімі көп өз көңілім құлшынсын.
Көрінесің аққу бейне тартымды,
Жасырмашы көкірегіңде жарқылды.
Сен молайтып бергендейсің менде бар
Кеш тұтанып, тез лаулаған қарқынды.
Бақыт ыстық кімге аз күн орнаса,
Ардақтаймын кім бірлесіп қорғаса.
Қарқын өшпей толқып-толқып алайын,
Сен құлақ сал, қалқам-ау, тым болмаса.

1979


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері