Ұлытау барсаң ұлар бар

Бұл бетте «Ұлытау барсаң ұлар бар» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ұлытау барсаң ұлар бар,
Ұларға біздей құмар бар.
Ұмыту қиын болған соң,
Ұйқысыз досы жыр арнар.
Кең дала теңіз телегей,
Тау кербез өрде кемедей.
Ұларым, мені сағынсаң,
Кемеге соқпас демегей.
Досың да тірі адам ғой,
Келеді сені тез көргім.
Аққуды аңсап барам ғой
Жағасына Қоскөлдің.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері