Жезқазғанға

Бұл бетте «Жезқазғанға» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Мұнаралы қарасам шахталарға,
Жонда жүрген ұқсайды ат-құнанға.
Әне біреу алыбын атан дерсің,
Кіріп кеткен өркеші ақ тұманға.
Мыс заводы көз алмай мүржесінен,
Кешкі самал лебімен бірлесіп ем.
Күн ұласқан сияқты жарқырады,
Мыс төгілсе конвертор шүңгесінен.
Қапы қалып көрмедім, бәйгем кетіп,
Бір көргенде қалардай жанды емдетіп,
Жезкиіктер ойнап жүр шың басында.
Табиғат та үйренді көндігуді,
Ей, немерем! Өзің біл өндіруді –
Біз ашқан кен жетеді мың ғасырға.

1981


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері