Балдыздар
Бұл бетте «Балдыздар» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Балдыздар, жайнаған алтындар,
Сендерде сиқырлы қарқын бар.
Жол-жора дайындай берейін,
Қашан той боларын айтыңдар.
Балдыздар, балдыздар, балдыздар,
Балбырап балқыған сал қыздар.
Жер-жаһан жаңарып кетеді
Жас отау құрғанда жалғыздар.
Балдыздар, жер-көкті барлаңдар,
Сендерді аңсаған сайран бар.
Жігіттің сұлтаны тамсансын,
Ән шырқап, би билеп заулаңдар.
Жас отау сыйлағыш салтым бар,
Әулетке сән беріп шалқыңдар.
Мол дәулет тілеймін, зор бақыт,
Әр күнге ақ тілек артыңдар.
2005
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі