Мен сүйгенді ел сүйді

Бұл бетте «Мен сүйгенді ел сүйді» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ақындық кеншілікпен тел табысқан,
Қос өнер – қос қанатым ел қонысқан.
Әрі жар, әрі сепшім, сен ортақсың
Менде бар қуат-жігер, ар-намысқа.
Аралдық болып кеттік кеңгірліктер,
Сыйып тұр жүрегіме ел бірліктен.
Қызықты, қиындықты тең бөліскен,
Табар ма ем сенсіз бақыт мен тірліктен?
Теңеуші ем киікке де, маралға да,
Жоқ емес айтар сөзім табар жаңа.
Сарыарқа келінім деп сыйлап еді,
Жарасты жеңгелігің Аралға да.

1989


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері