Екі аттаныс – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Екі аттаныс» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2015
1
Жаркөлен мен аттандым,
Жаутаң қағып жас гүлге.
Көз жасымен қарттардың,
Қап-қараңғы тас түнде.
Туған дала, туған көл
Қалды ішінен тынғандай.
Ере берді шулап жел
Эшелоннан бір қалмай.
Найзағай боп түсуге
Кеттім бұлттай түнеріп.
Жүрдім майдан ішінде
Мың тіріліп, мың өліп.
Алған ұрлап ұйқымды,
Алған ұрлап күлкімді.
От қамшылап оқ мінген
Көрдім ажал шіркінді.
Жерден, көлден, аспаннан
Соқты жауды ел күнде.
Берлинде алғаш басталған
Бітті соғыс Берлинде.
Талай қимас жолдасым,
Қалды ұйықтап қабырда.
Күлкі аралас көз жасын,
Алып қайттық ауылға.
2
Алматыдан аттандың
Армияға Жеңісім.
Достарыма мақтандым
Бақыттай бұл мен үшін.
Аспан ашық айлы түн,
Вокзалда тұр состав.
Жоқ баяғы қайғы-мұң
Шырқалады жыр асқақ.
Қалжың сөзбен астарлы
Алыс жолға ұзатып.
Жаңа жауған жас қарды
Лақтырады қыз атып.
Алғаш оны көруім
Өскен елік ол құзда.
Мүмкін менің келінім
Болашақта сол қыз ба?
Шекара алда тұр тосып,
Ұзатып сап тұр елің.
Сақта еліңмен бір қосып,
Со бір қыздың жүрегін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Екі аттаныс өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Екі аттаныс өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Екі аттаныс өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Екі аттаныс өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері