Бірлігін елдің сақтайық
Бұл бетте «Бірлігін елдің сақтайық» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жоғалды ескі жалғастар,
Өшірді тарих «өшпесті».
Тағдырлас, сырлас достарым
Секілді, сирек кездесті.
Ғарыш, ғалам алдында
Демеймін жайдақ, бос қалдық.
Алғыс айтам тағдырға
Қазаққа берген бостандық.
Шындыққа болсаң шын көнбіс,
Алды-артыңа бір қара.
Бостандықты ел бөлгіш
Көк бүлікпен былғама.
Байқа, дос, атты таң қандай,
Салғызбас көне күйіске.
Атаңның құны қалғандай
Аруаққа бекер тиіспе.
Сұмдықты ескі тастайық,
Ес жияр күнді білгесін.
Бірлігін елдің сақтайық,
Бекітіп бірге іргесін.
1979
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі