Балқаш таңы
Бұл бетте «Балқаш таңы» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көрдім Балқаш таң атқанда арайын,
Шолдым кербез Бектауата маңайын.
Шығыс жақтан көтеріліп алтын күн,
Жарық төгіп, ашты тойлы сарайын.
Қызық екен көл шетінің ақ таңы,
Күннің көлге күміс шашу шашқаны.
Таңғалдырды ақ сәулеге жан бітіп,
Ақ шабақты қуып бара жатқаны.
Айдын шалқар көрінгендей арай бақ,
Қонды аққулар жан-жағына қарайлап.
Күн қып-қызыл, қызғылт тартты су беті,
Қызыл мысқа ұқсап кетті бар аймақ.
1976
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі