“Үзік сырдан үмітті жолдағаным"
Бұл бетте «“Үзік сырдан үмітті жолдағаным"» атты Aishagul Meshtay жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мен саған сыр жазамын тыңда жаным,
Сөзін теріп қайтейін
Күллі араның.
Ғашықтықтың сиқыры болар әлде
Сол жүрекке тым жақын
Бойтұмарым.
Бар ма амалым?!
Бүгінгі хәл
Жоққа да, барға да мұң.
Мен өзі
Тым әсершіл
Адам едім.
Айдың бетін көрмесе мұңданатын.
Батуына күннің де,
Пәк сәбидей
Қуанатын, ал сосын таңғалатын.
Сен балқытып
Алғандай көрінесің.
Ерімейтін жүректің мұз қабатын.
Назарланып
Ешкімге
Көз салмаушы ем.
Бүгін сені іздейді сәт жанарым.
Қаталдықпен
қарайлап
Сөкпе мені.
“Не тірлігін жасайсың?!” деп баланың.
Сен әлі
білмейсің ғой
Біле алмассың!..
Сүйгендіктен, әлі көп назданамын.
Асау толқын
Іштегі өртеп жалын,
Жеңе алмайды сезімнің ой қамалын.
Ал сен әлі
Ештеңе
БАЙҚАМАДЫҢ..
Бұл өзі тым алғашқы әсер маған,
Жатқаным жоқ,
Бәрінен қайталағым.
Бұл өлең
Таптаурынды жарып өткен
Терең ұлы сезімге арналатын..
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі