«Білесің бе, қымбаттым!»

Бұл бетте ««Білесің бе, қымбаттым!»» атты Aishagul Meshtay жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Білесің бе, қымбаттым?
Алғаш қалай тіл қаттым.
Өзім жайлы айтпақ едім
Сені көптеу тыңдаппын.

Шытырман деп шектеп едім,
Ал сен оңай жол таптың
Көп таныстың кеткені бар,
Жауап таппай жұмбақтың.

Сен бақыттан жырақ кеттің
Соңнан еріп бір бақтың.
Күзден күнді табармын деп
Өзімді өзім алдаппын

Білесің бе, қымбаттым?
Мен бірі едім қорқақтың.
Əлсіздікті іштен сезіп
Мықтылық деп сарнаппын.

Сен тек бірін тани алдың,
Терең жатқан он қаттың.
Баяндысын көрсең дедім
Байқай алған бар заттың.

Бір ауыз сөз айтып едің,
Бір ғасырға толғанттың.
Мінсіз санап қалмасын деп
Болмашы бір мін таптым.

Шынайы едің, еркін өскен,
Əлсіздерді жасқанттың.
Сені кумир тізіміме
Енді ғана қоспақпын.

Ал мініңе келер болсақ
Мінсіздігің, ардақтым.
Адам деген ұғымнан да
Əлдеқайда асқақсың!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар