Қарағанды, шарықта!
Бұл бетте «Қарағанды, шарықта!» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сарыарқаның астанасы атанған,
Бұқар жырау, Тәттімбеттен бата алған,
Қаз дауысты Қазыбектің елісің,
Қара шаңырақ озып шыққан қатардан.
Қайырмасы:
Жезқазған мен Балқашың,
Теміртаулы алқасың.
Тәуелсіздік өрінде
Нардың жүгін артасың.
Қарағанды, шарықта,
Бүкіл әлем байқасын.
Қайнарысың ерен-ғайып табыстың,
Айғағысың, алыптармен жарыстың.
Кен барлаудың сенде тапқан тетігін
Аймағысың ел данасы Қаныштың.
Қайырмасы.
Өнерпаздар өнегелі – өрісің,
Ән мен күйдің бесігіндей серісің.
Ақындықтың ақсұңқары дауылпаз,
Қарағанды, сен Сәкеннің елісің.
Қайырмасы.
Өмір жолын сенде тұңғыш бастаған,
Құшағыңда туды талай жақсы адам.
Қарағанды, құтты төрсің әйгілі
Нұрсұлтандай Елбасшысын баптаған.
Қайырмасы.
19.05.2013.
Астана
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі