Туған елге

Бұл бетте «Туған елге» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Келеді жан баураған ғашық өлең,
Сенеді жүрегімді ашып өлең.
Туған ел, ақ бұлағың болып тусам,
Шапқылап жарысамын ғасырменен.
Сөнбейтін жанартаудай жалын ішім,
Өнбейтін талабым жоқ арым үшін.
Тағдырмен арпалысып келемін ғой,
Арналды келешекке сағынышым.
Аңсадым атар таңның тез келгенін,
Адамның адал дедім кез келгенін.
Ұл-қызым көбейтер деп үмітім зор,
Аз болса туған елге өз бергенім.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері