Отелло

Бұл бетте «Отелло» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Күн сияқты жүрегім,
Дос-жаранға нұрым мол.
Адалдық – жалғыз тілегім,
Жасырмай айтар сырым сол.
От қызуы мол екен,
Жеткізбес сөзін мақалдап.
Отелло деген сол екен –
Жүрегі толы махаббат.
Күдікке өзін жеңдірген,
Демес ем кіршік тергіштік.
Барша жан адал деп жүрген
Отелло деген – сенгіштік.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері