Туған ел
Бұл бетте «Туған ел» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Араладым талай жер шартарабын,
Орындадым ортаймас жан талабын.
Өздеріңе ешбір жер жетпейді екен,
Баянауыл, Көкшетау, Қарқаралым.
Балқан барып байлығын байқағаным,
Сұлулығы таңдантса сай-саланың,
Жетпей тұрған бір жерін іздегенде,
Аттарыңды сан рет қайталадым.
Сексен көлдер елестеп кезектеген,
Аққулары алдымнан тез өтпеген.
Тентек жүрек қызық-ау...
Жас баладай
Тез кетейік елге деп безектеген.
1979
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі