Кәрілік шақырған жоқ, өзім келдім
Бұл бетте «Кәрілік шақырған жоқ, өзім келдім» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көргем жоқ кәріліктің жамандығын,
О, тәубе... күш-қуатым аман бүгін.
Жалықпай ерте тұрып, кеш жатамын,
Көтеріп тыным бермес қалам жүгін.
Ел-жұртпен баяғыдай сыйластығым,
Достармен үзілмейді мұңдас күнім.
Көремін көздерінен мектептестің
Кемпір боп қалса-дағы қимастығын.
Кәрілік шақырған жоқ, өзім келдім,
Басылды асау күші сезім-селдің.
Шөберем төрде жайлап, думандатса,
Өткен күн қайта оралмас кезін көрдім.
Өмірдің қысы орнаса, жазы бітіп,
Қалған жоқ қайран көңіл назы бітіп.
Қыздары ауылымның елестейді
Тұрғандай ел шетінде әлі күтіп.
08.02.2013.
Астана
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі