Қызғалдағым
Бұл бетте «Қызғалдағым» атты Оразбай Сарыбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қияда еркін өскен қызғалдағым,
Тағдыры қимастық қой қыз баланың.
Елжіреп, езіліп тұр ет жүрегім,
Қия алмай жанарыңнан көз алмадым.
Аттадың жат жұрттың ақ босағасын,
Гүлім-ау, көңілің еш босамасын.
Барасың жаңа ұяңа қанат қағып,
Қуантып екі елдің қос анасын.
Ақ құсым, сыңсып ұшқан көлімдегі,
Мөп-мөлдір жас тұнады көңілде енді.
Қарағым, қабағыңды мұң шалмасын,
Бақытың серік болсын өмірдегі.
Қол бұлғап қоштастың сен ұяңмен,
Еркемді енді жатқа қиямын мен?
Құсым ең айдынымда қалықтаған,
Айдыным сенсіз қалай тұнар екен?
Автор: Оразбай Сарыбаев
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі