Асыл жар
Бұл бетте «Асыл жар» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Айды көрсем қабағыңа ұқсайды,
Ақша бұлттар тамағыңа ұқсайды.
Күнді көрсем күлімдеген көзіңдей,
Бар дүние қызықтырар өзіңдей.
А-А-А-Ау,
Күнді көрсем күлімдеген көзіңдей,
Бар дүние қызықтырар өзіңдей.
Жолға шықсам жол ұзарып кетеді,
Сағындырған бейнең іздеп жетеді.
Сол бір кезде толқын сезім тұнады,
Бар дүние өзің болып тұрады.
А-А-А-Ау,
Сол бір кезде толқын сезім тұнады,
Бар дүние өзің болып тұрады.
Содан шатты менің қызық өмірім,
Содан болар менің шалқар көңілім.
Қандай ғажап адамдардың қиялы,
Бар дүние жүрегіме сияды.
А-А-А-Ау
Қандай ғажап адамдардың қиялы,
Бар дүние жүрегіме си
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі