Асқар Сүлейменовке
Бұл бетте «Асқар Сүлейменовке» атты Жарасқан Әбдіраш жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сүлейменнің Асқары
әуелі сыннан бастады.
Ауызы толмай ешкімге,
Артынша сынды тастады.
Қарасөзге де тұшынып,
қалған-ды біраз ысылып.
Ойынан шықпай өзінің,
оны да қойды ысырып...
Бірде сын айтып, бірде әзіл,
артамыз үміт жылма-жыл.
Асекең барлық жанрда
ауызша жазып жүр қазір…
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі