Мұхтар Шахановқа
Бұл бетте «Мұхтар Шахановқа» атты Жарасқан Әбдіраш жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жасынан жайсаңдардан бата алыпты,
бата алып,
жайсаңдыққа бет алыпты...
– Талантты жас ақын кім? –
десең қазір,
алдыменен атайды
«Шахановты!»
Кейін де көп мықтыдан бата алыпты,
бата алып,
мықтылыққа бет алыпты...
– Беделді бас ақын кім? –
десең қазір,
алдымен атайды өзін:
«Шахановты!»
Содан соң шығу үшін сөзін ақтап,
сөзімен көрінеді көзіңе аппақ.
Өзің біл, жаттамасаң өлеңдерін,
алады алдыменен өзі жаттап...
Тауыпты тақырыбын тыңдалатын,
танытты сахнадан шыңдап атын.
Еңбегі ақындыққа сінген әртіс,
әртістікке еңбегі сіңген ақын!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі