Шекара
Бұл бетте «Шекара» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Шеп құрып ап шекараның шетіне,
Тұр бағандар терең бойлап бекіне.
Бір жағы ашық, ал бір жағы күп-күңгірт,
Жалпақ аспан жарылғандай екіге.
Айрылысып көлдің екі жағасы,
Шарт сынғандай бүтін таудың арасы.
Көріспеске кеткендей бір ажырап
Ормандардың қатар өскен ағашы.
Мұң естіліп таяқ тастам жердегі
Кернейді ой көк толқындай кеудені.
Бақыт, мұңды тастағандай қақ бөліп,
Шекараның жалғыз сызық белдеуі.
Жаутаңдайды Иранның шөл даласы,
Көңілінде көп қасірет-наласы.
Әрбір елдің шекарасы болғанмен
Болмаса екен бақыттың шекарасы!
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі