Оңтүстік, бізге бесік ең

Бұл бетте «Оңтүстік, бізге бесік ең» атты Қасымхан Бегманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Оңтүстік, бізге бесік ең,
Тұсауымызды кесіп ең.
Шәмші ән болып ұшқанда
Шәуілдір жақтың кешінен.
Сол әннің әсем әуені,
Бәйтерек берді мәуелі.
Туған елімнің алдында
Ақ парыз деген әуелі.
Fасырлар көрген Шәуілдір,
Асылдар берген Шәуілдір.
Тарихта қалар ма екен-ау,
Қайран да біздің дәуір бұл.
Мүлгіген қауыз бақтардан,
Мөлт ете қалған шақтардан.
Қаршадайынан көз ілмей,
Қалың томдарды ақтарған.
Азаматындай Алаштың,
Жетім-жесірге қарастың.
Ғұламаларды әспеттеп,
Зиялылармен жарастың.
Сананда Сауран сыры бар,
Жанынды сенің кім ұғар.
Бойында бірге кететін,
Отырарыңның мұңы бар.
Қол сілтеп ғайбат сөздерге,
Илеуге бермей ездерге.
Жанымда болып сүйедің,
Мен жалғыз калған кездерде.
Алқа топтарда мақталған,
Ертеңге хатсың сақталған.
Арыстан бабаңа жетесін,
Алыс та алыс жақтардан.
Қарттарым қимай көз ілсін,
Тайларым тұлпар сезінсін.
Арттағы момын жұртымның
Ендігі сөзі өзіңсің,
Ендігі көзі өзіңсің.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері