Бақытты болу үшін!

Бұл бетте «Бақытты болу үшін!» атты Аманжол Мақажанов жазған бақыт туралы өлең берілген.

Бақыттың дәмі әр түрлі,
Өлшеуі де оның әр қалай.
Әр түрлі пікір ол жайлы
Бағымды келем арқалай.

Бақытты тіле біреуге,
Бағыңды ол да тілесін.
Беймаза болма бақ іздеп
Бұйырар бір күн үлесің.

Бағала бақыт жаныңда,
Өзгеген босқа таласпа.
Бәрін де өзім алам деп,
Қызғаныш оймен жараспа.

Бұл өмір бақыт алаңы,
Бақытты болсын бар адам.
Әр кімнің бағы әр түрлі
Әр алуан нұрдай тараған.

Өмірде бардың бәрін сүй,
Сені де сүйер тіршілік.
Сүйінші сұрап бақ берер
Ниетке қарай тілші үміт.

Сүюмен бақыт сезілер,
Нұр шашып тұрар ән болып
Қалайық құштар көңілмен
Бақытты мәңгі жан болып.

31.03.2023


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері