Омар һайям
Бұл бетте «Омар һайям» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Гүл бағында, жыр тағында
Көңілінен күй есіле,
Отырды ол жұрт алдында
Ұқсап дүние иесіне.
Ұшқын шарап дарып бір сәт,
Жайылғанда денеге оттай.
Қас дұшпанға қару жұмсап,
Атқан сайлап өлеңді оқтай.
Жеткен жыры бар халыққа
Жанашыр бір сырласындай.
Әзілдескен әр уақытта
Құдайменен құрдасындай.
Жарған өлең қауыздарын
Гүлдің нәзік бүртігіндей.
Айтқан елге уағыздарын
Таң атқанша кірпік ілмей.
Көрінбеді ұлылығы,
Әттең, сонау кезінде тек.
Келеді ол жырдың ұлы
Жанды елітіп, сезімді өртеп.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі