Амудария — каспий
Бұл бетте «Амудария — каспий» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Айдалада, айналада
Ұйытқи соққан құм дауыл.
Аспанда күн қайнағанда
Қурап ұшар қырда гүл.
Шөл аптаған, күн қақтаған
Қызылшақа қиыр құм.
Желмен басы бұлғақтаған
Ызыңдайды бұйырғын.
Шөл жағасын тарта келіп,
Қары қолдың қарысып.
Аңызақта аңқа кеуіп,
Таңдайға тіл жабысып.
Ел жаңартып тас жапанды
Түсірем деп жас күйге,
Амудария ақсақалды
Барады алып Каспийге.
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Омархан Айнұр
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі