Түйе – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Түйе» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2575
Көлеңкеден күнгейге
Шыға алмастай жан ұзап.
Оттай шалқып тұр бейне
Әуе айналған аңызақ.
Көрінсе су жарқырап,
Көк күмп етіп түскендей.
Су бетінен тартып ап,
Аспанды үлек ішкендей.
Содан кейін ойлап қап,
Шөккен құмды түйе деп,
Жөнелердей ойнақтап,
Бұйда жібін сүйрелеп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері