Қиылған өмір

Бұл бетте «Қиылған өмір» атты kabdysh_aal жазған өмір туралы өлең берілген.

Бірде қатал, бірде жұпар сезілдің,
Әр тұлғаға дөп бірдей боп бұйырдың.
Жағаласып кейбір сәтте тағдырмен
Өмір-дүние сен неліктен киылдың.

Ашық аспан, шағын дүние тым-тырыс,
Бойымды сол сәт, бір тербеді ұмтылыс.
Жаңа ғана арман қуған адам ем,
Ал жатысым енді мынау жай жатыс.

Үлгерем деп ойлаппын,қателестім.
Оқиға болатынын білмеді ешкім.
5 минутын өмірдің жібермейм деп
1 ғасырлық өмірді қиып кештім.

Қателестім, ия өмір қателестім.
Сақтанудың орнына бақи кештім.
Уакыт алдын аламын деп ойлағанша,
Өмірімді қадірлемей қайта кестім!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Ұқсас өлеңдер