Мектебім – жыр дастаным

Бұл бетте «Мектебім – жыр дастаным» атты Махмет Түменбаев жазған поэзия туралы өлең берілген.

1. Сарқылмас қазынасың,
Сағыныш сазындайсың.
Бірге өскен құстарыңның,
Жұптары жазылмасын.
Арманның асқары болған,
Өмірдің бастауы болған,
Мектебім – жыр, дастаным,
Мәңгілік нұрлы аспаным.

Қайырмасы:
Армандай,
Арайлы гүлдәурен көктемім,
Анамдай қарсы алшы мектебім.
Өзіңе ақтарар көңлімде сыр көп менің,
Сенде өткен балалық шағымды аңсап келдім.

2. Әніміз аспандасын,
Жанардан жас тамбасын.
Бұл өмір болсын бақыт
Бақыт боп басталғасын.
Арманның асқары болған,
Мектебім – жыр, дастаным,
Мәңгілік нұрлы аспаным.

Қайырмасы.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Ұқсас өлеңдер