Әз-наурыз
Бұл бетте «Әз-наурыз» атты Кеңес Дүйсекеев жазған мерекеге арналған өлең берілген.
1. Туған ел, жеріме,
Аққулы көліме,
Қош келдің, әз-наурыз!
Гүлденген далама,
Бұлбұл ән – сала ма,
Қош келдің, әз-наурыз!
Қайырмасы:
Сазды әуен саз наурыз,
Көктемдей жаз наурыз,
Егемен еліме,
Қош келдің, әз-наурыз!
2. Қазақтың жеріне,
Қазақтың еліне,
Төрлей бер, әз-наурыз!
Кең байтақ далама,
Аулыма, қалама,
Төрлей бер, әз-наурыз!
Қайырмасы.
- Аймақ Әбілда
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі