Дастархан

Бұл бетте «Дастархан» атты Аян Нысаналин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

1. Ей, халайық, халайық,
Бар өнерге салайық,
Ас ұсынып, бас тартқан,
Жайылып тұр дастархан!

Қайырмасы:
Дастархан-ау, дастархан,
Берекелі дастархан,
Мерекелі дастархан-ей.
Ей!

2. Жақсы келсе құт болар,
Жаман келсе жұт болар,
Жолаушымыз біз деген,
Асыл мұрат іздеген.

Қайырмасы.

3. Айналайын ағайын,
Үміт отын жағайын,
Уайым-қайғы жоқ болсын,
Қуанышың көп болсын!

Қайырмасы.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері