О, махаббат

Бұл бетте «О, махаббат» атты Жарасқан Әбдіраш жазған махаббат туралы өлең берілген.

(әзіл ән)

1. О, махаббат,
Сегіз әріп,
Бір арман!..
О, бір арман,
Қырық қыздан құралған!..

Қайырмасы:
Мұңды жырсың –
Тебіренсем,
Толғансам,
Бір қыз болып жолығасың сен қашан?..
Бір қыз болып жолығасың,
Бір қыз болып жолығасың сен қашан?..

2. Қылығың жүр,
Шат үнің жүр бір қызда,
Бұрымың жүр,
Ақылың жүр бір қызда!..

Қайырмасы.

3. Көрігің жүр,
Анарың жүр бір қызда,
Ерінің жүр,
Жанарың жүр бір қызда!..

Қайырмасы.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері