Вагонда
Бұл бетте «Вагонда» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тарта берді бізбенен
Жеңіл ұшып жел еріп.
Құшақ жайды түз деген,
Көгалдары көгеріп.
Жұмсақ вагон келеді,
Жол үстінде шайқалмай.
Қайда жүрсек төнеді,
Терезеден ай қалмай.
Көктен сайлап қонысын,
Көтерілген қос жұлдыз.
Көк вагонда сол үшін
Көтереді тосты қыз.
Жұлдызды айтып құралпы
Тастағандай құрығын.
Кім біледі қуақы
Қыз баланың қылығын?
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Омархан Айнұр
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі