Жынойнақ
Бұл бетте «Жынойнақ» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қаракөзайым қалқаға
Кетсе де толып төңiрек,
Қалқаға емес, алқаға
Түседi көзiм көбiрек.
Шер кеудем –
Менiң шермендем,
Дәстүрiң қайда бұлжымас?
Қос анар төсiн кергенмен,
Қос бұрым жұрдай, жым жылас!
Жұлдыз бен қыздың Үркерi
Ғайыпқа ұшып арманда..,
Қаптап жүр кiлең жын-перi
Жынойнақ пенен барларда.
Темекi табы ернiнде,
Арақпен қаны уланған
Кермиық қызды көрдiм де,
Көңiлiм қалды думаннан.
Алдымнан шығар қаншама
Алдамшы өмiр шырғалаң?..
Қаншық па?
Әлде, ханша ма
Арулар...тәнiн бұлдаған?!
Шерменде ме едiм шер iшкен,
Есiл де дертi – сымбат, сән?..
Көктегi ғазиз Перiштем,
Тiл қатсаң еттi, тiл қатсаң?!
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі