Бұл бетте «Құрылысшы қыз» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
07.02.2016
0
0
3104
Арманшыл асқақ талабы
Биіктен бақыт іздеген.
Шарлаған құстай ауаны
Аспаннан ақ бұлт — қыз көрем.
Құмармын оның әніне
Сырласқан алыс көкпенен.
Жердегі жанның әлі де
Қолдары оған жетпеген
Айналып таңның арайы,
Сипайды шашын кешкі бұлт.
Созғанмен қолын талайы
Сүйген жоқ оны еш жігіт.
Аударып қоныс асығыс,
Бір жерде тұрмай тұрақтап.
Киіктей ұшқыр осы қыз
Аспанды жердей жүр аттап.
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі