Бұл бетте «Зығыр» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
07.02.2016
0
0
2584
Жаңа жауған жаңбырдың суын кешіп,
Үй алдында тұр бұйра зығыр өсіп.
Тербеп өтсе Балтықтың тұзды желі,
Теңселеді дамылсыз күбірлесіп.
Сол үндерден құпия күбірлеген
Жүрегімде құпия жүгірді өлең.
Ойладым мен сол үйде келе ме деп,
Бір қыз өсіп жарысып зығырменен.
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Омархан Айнұр
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі