Жарық күн – жалған, жасанды
Бұл бетте «Жарық күн – жалған, жасанды» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жарық күн – жалған, жасанды,
Алдана берем қашанғы?
Қатiлез қасап – қу заман
Шашымды ал деп ем, бас алды.
Басым жоқ, екi иық бар,
Сұмырай, сұрқай сиық бар.
Күледi мимырт күйiме
Мысық мұрт, мысқыл миықтар.
Басым жоқ, екi аяқ бар,
Құлқыма құзғын тояттар.
Тебедi келiп бiр-бiрiн
Телiсiз, тексiз саяқтар.
Басым жоқ,
Иә, жоқ басым!
Обыр да тобыр отбасым!
Нойыстың ноқай өзiмiн
Сыпырып алған ноқтасын!
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі