Бұл бетте «Қос қарағай түбінде» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Дегендей-ақ сырымды сұраспай ұқ,
Қос қарағай тәкаппар тұр қасқайып.
Құлапты ер кеудеден оқ тигенде
Екеуіне қол артып, құлаш жайып.
Туған жердің жан беріп даласында
Екеуінің жатыпты ол арасында.
Қарағайлар жауыпты қанатымен,
Жел дауылды бұрқаған борасында.
Жапырақтар жамырап шуылдаған,
Үмітінің көгіндей туындаған.
Жалпақ жонда жол қаптап жалғызаяқ
Ел көңілі еріне суынбаған.
Күн күркіреп болса егер ақырғандай
Тұрады өз орнынан қапы қалмай.
Қос қарағай түбінен атылады
Бір кездері жауына атылғандай.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі