Сен кім? Мен кім?

Бұл бетте «Сен кім? Мен кім?» атты Қасым Аманжолов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Сен кім? Мен кім?
Ойлашы бір осыны,
Таңқалдырар,
Ойландырар
Кенет ойдың тосыны
Ақылды бол,
Тілегім сол,
Құлағыңа кірсе егер дос үні.
Шыпжаңдама,
Қылжаңдама,
Дұрыстан.
Кім ұқпайды:
Түк шықпайды
Ұрыстан.
Қыңыр тартып
Қиындыққа кеткенше.
Дұрыс болар
Адал жолмен тырысқан.
Осы сені
Білем ғой деп ойлаймын.
Сондықтан да
Ақыл айтып қоймаймын.
Өзің-дағы білесің ғой әркімді,
Басыңызға түспесінші сондай күн.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері