О, тағдыр, мені сауықтыр!

Бұл бетте «О, тағдыр, мені сауықтыр!» атты Қасым Аманжолов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

О, тағдыр, мені сауықтыр!
Айтатын жыр ойым бар;
Көңілім соған ауып тұр,
Алда бір қызық тойым бар.
Бір өзім емес, көп үшін,
Көкірегім толы күйім бар.
Саз болып соны шертейін,
Ауыра берсем – қиындар.
Өлең мен күйден жаралған
Мен де бір адам ғажайып.
Құтқаршы, ауру, жараңнан,
Жазылып бір жыр жазайық.
Көңілдің күйін төгейік,
Арманда кеттік демейік.
Бәрін де беріп ел-жұртқа,
Қарыздар болмай өлейік.

1953


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері